Сұрақтар мен жауаптар
Ecommoney – бұл Қазақстанда микрокредиттер беру қызметтерін ұсынатын қаржылық онлайн-платформа. Біз назарымызды клиенттерімізге өз қаржысын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін қарапайым және ыңғайлы қаржылық шешімдер жасауға бағыттаймыз.
Біз клиенттер үшін уақытқа қатысты және қаржылық кедергілерді қысқарту арқылы кредит алу процесінің оңай әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету жолында еңбек етеміз.
Жаңа клиенттер үшін Ecommoney-де онлайн-микрокредит алу процесі қарапайым үш қадамнан тұрады:
- Кредит сомасы мен мерзімін таңдау: Кредиттің оңтайлы сомасы мен кезеңін анықтау үшін кредиттік калькуляторды пайдаланыңыз. Содан кейін «Ақшаны алу» батырмасын басыңыз.
- Тіркеу және сауалнаманы толтыру: Біздің платформада тіркеуден өтіп, қысқа сауалнаманы толтырыңыз. Сіздің банктік картаңыздың деректерін немесе төлем деректемелерін, соның ішінде Қазақстандағы кез келген банктің IBAN-шотының 20-мәнді нөмірін көрсетіңіз. Бұл қадам сіздің сұратуыңызды растау және алаяқтықтан қорғау үшін маңызды.
- Шешімді күту және қаражатты алу: Өтінім бергеннен кейін шешімді күтіңіз. Өтініміңіз мақұлдана салғаннан кейін SMS-код арқылы шарттың дербес бөлігіне қол қойыңыз, сонда қаражат Сіздің банктік картаңызға немесе IBAN шотыңызға жіберіледі.
Біздің қызметтерімізді пайдаланып көрген тіркелген клиенттер үшін жеке кабинетте қажетті кредит сомасы мен мерзімін таңдау жеткілікті.
Ақшаны алудың тұтастай процесі аз ғана уақыт алады, ал бірінші микрокредитті ресімдеу уақыты әдетте 5-13 минутты құрайды.
- ҚР азаматтығы
- Жас аралығы 18 жастан 65 жасқа дейін
- Қолданысты мобильді нөмірдің болуы
- Жеке куәліктің болуы
- Қазақстандағы кез келген банктегі IBAN-шоттың 20 мәнді нөмірінің болуы.
Бізде кредиттің екі түрі бар, олар – 30 күнге және 12 айға дейін берілетін кредиттер. Біз клиенттерімізге олардың қажеттіліктері мен қаржылық мүмкіндіктеріне қарай кредиттің оңтайлы мерзімін таңдауға мүмкіндік беретін икемді шарттарды ұсынамыз.
IBAN – бұл жиырма таңбадан тұратын, біз онда ақша қаражатын аударатын бірегей банктік шот.
IBAN форматы: KZCC БББХ ХХХХ ХХХХ ХХХХ
Сіз IBAN шотты төмендегідей тәсілдермен ала аласыз:
Банкоматтардан: Кейбір банктер, оның ішінде «Қазақстан Халық банкі» және басқа да екінші деңгейдегі банктер банкоматтар арқылы IBAN шоттарын беру қызметін ұсынады. Бұл қызметтің қолжетімділігі және IBAN шотын алу рәсімі туралы білу үшін банкке хабарласыңыз.
Интернет-банкингтен: Көптеген банктер интернет-банкинг арқылы IBAN шотын құру және басқару мүмкіндігін ұсынады. Интернет-банкте тіркелгеннен кейін сіз өзіңіздің бірегей IBAN шотыңызды үйден шықпай-ақ оңай сұратып, ала аласыз.
Егер сіз банктік деректемелерді дұрыс көрсетпеген болсаңыз, уайымдамаңыз. Біз сізге бұл мәселені жедел түрде шешуге көмектесуге дайынбыз.
Қателікті түзету үшін біздің сайтымыздағы чат арқылы бар болғаны біздің қолдау көрсету қызметімізге хабарласыңыз, [email protected] поштасына хабарлама жіберіңіз немесе +7 700 748 88 85 нөміріне қоңырау соғыңыз.
Сізде Ecomoney-де қолданыстағы бір ғана микрокредит болуы мүмкін. Біз ақылға қонымды қаржылық тәсілді бағалаймыз және кредит беру процесін барлық клиенттеріміз үшін мүмкіндігінше қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге тырысамыз.
Ecomoney-де сіз алдыңғы микрокредитті өтегеннен кейін дереу жаңа микрокредит ала аласыз. Бар болғаны жеке кабинетіңізге кіріп, жаңа микрокредиттің мерзімі мен сомасын көрсетіңіз.
Алаңдамаңыз, біз көмектесуге дайынбыз. Ең алдымен, енгізілген деректердің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз және парақшаны қайта жүктеп көріңіз.
Егер мәселе шешілмесе, біздің қолдау көрсету қызметімізге жүгініңіз. Сіз бізбен сайттағы чат арқылы байланыса аласыз, [email protected] мекенжайына хат жіберуіңізге немесе +7 700 748 88 85 нөміріне хабарласуыңызға болады.
Ecommoney жүйесі Сіздің өтініміңіз бойынша шешімді жылдам, әдетте бірнеше минут ішінде қабылдайды. Сіздің өзіңіз көрсеткен байланыс нөміріне нәтиже көрсетілген SMS келеді. Сонымен бірге, сіздің өтініміңіздің мәртебесін кез келген уақытта жеке кабинетте бақылауға болады.
Кейбір жағдайларда өтінімді қарау қосымша уақытты қажет етуі мүмкін, бірақ біз мұны мүмкіндігінше тез жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біздің мақсатымыз – сіздің өтініміңізді 13 минутта немесе одан да аз уақыт ішінде өңдеу.
Біз микрокредит алу туралы өтінімдерге тәулік бойы, үзіліссіз және демалыс күндерінсіз талдау жасаймыз. Сіз бізге өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта хабарласа аласыз. Біз әрқашан көмектесуге дайынбыз!
Төлқұжат деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және жеке куәліктің берілген күні), ЖСН, байланыс телефондары және т. б. дұрыстығына көз жеткізіп, микрокредитке өтінімнің барлық жолдарын мұқият толтырыңыз. Сұрақтар туындайтын болса, бізге [email protected] мекенжайы немесе +7 700 748 88 85 нөмірі бойынша ешбір қысылмай хабарласыңыз.
Сауалнаманы толтыру кезінде тек шынайы ақпарат беріңіз, өйткені толық емес немесе жалған деректер сіздің өтініміңіз бойынша шешім қабылдауға теріс әсер етуі мүмкін.
Біздің компанияда микрокредитті өтеудің бірнеше тәсілі бар:
- Кез келген қазақстандық банктің картасын пайдалана отырып, жеке кабинет арқылы төлем жасау.
Аталған әдіс төлемді қосымша комиссияларсыз жасауға мүмкіндік береді және қаражат дереу есепке алынады. Барынша ыңғайлы әрі жылдам тәсіл ретінде осы тәсілді пайдалануға кеңес береміз. - QIWI терминалдары арқылы өтеу.
- Біздің қаламыздағы КАССА24 терминалдары арқылы төлеу.
- Қазақстанның кез келген банкінің кассасында банктік аударым жасау.
Банктік аударымды пайдаланған кезде банктердің қосымша төлемдер алуы мүмкін екенін және төлемнің біздің шотымызға бірнеше күнде аударылуы мүмкін екенін ескеріңіз. Шарттың талаптарына сәйкес төлем жасалған күн біздің шотымызға қаражат аударылған күн болып саналады.
Иә, біздің компанияда сіздің микрокредитті кез келген күні мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндігіңіз бар.
Өтелуі тиіс соманы сіз біздің жеке кабинетімізден немесе [email protected] мекенжайы бойынша компаниямыздың қолдау көрсету қызметіне хабарласу арқылы біле аласыз.
Біздің компанияда клиенттеріміздің микрокредитті толығымен немесе ішінара өтеуге мүмкіндігі бар.
Мынаны есте сақтау маңызды: мерзімі өткен қарыз болмаған жағдайда ғана ішінара өтеу қолжетімді болады. Сіз микрокредитті ішінара төлеуді біздің сайтымыздағы жеке кабинеттен жасай аласыз немесе QIWI-терминалдың, Касса24 терминалының немесе Қазақстанның кез келген банкінің кассасының қызметтерін пайдалана аласыз.
Егер сізде мерзімі өткен берешек болмаса, сіз микрокредитті ішінара өтей аласыз. Ішінара өтеу кезінде алдымен пайыздар өтеледі, ал қалған сома микрокредит бойынша негізгі борышты азайтуға жұмсалады.
Ішінара өтегеннен кейін пайыздар микрокредит бойынша қалған сомаға ғана есептелетін болады.
Біз микрокредитті ресімдеу кезінде қабылданған шарттың талаптарын сақтауға кеңес береміз. Аталған талаптарды бұзу жағымсыз қаржылық салдарларға әкеп соғып, кредиттік тарихыңызға теріс әсер етуі мүмкін.
Бар болғаны сілтемесі бойынша өтіңіз. Сіздің логиніңіз – бұл сіздің телефон нөміріңіз, ал құпиясөз сізге осы нөмірге жіберіледі.
Жаңа картаны қосу немесе қолданыстағы картаны өзгерту үшін, өтінеміз, жеке кабинетіңізде банктік картаны тіркеу рәсімін пайдаланыңыз.
Біз картаны ресімдеу процесін барынша оңай еттік, алайда кейде қиындықтар туындауы мүмкін. Процесті қиындатуы мүмкін негізгі себептер:
- Интернетте сіздің картаңыз бойынша операцияларға шектеу болмайды. Банкке хабарласу немесе интернет-банкингті пайдалану арқылы онлайн есеп айырысу лимитін белгілеңіз.
- Картаның деректемелерін енгізу кезіндегі қателер. Енгізілген деректерді мұқият тексеріп, іс-әрекетті қайталаңыз.
- Карта жарамсыз, бұғатталған немесе мерзімі өткен. Жарамды картаны тіркеп жатқаныңызға көз жеткізіңіз. Маңызды: біз сіздің картаңыздың деректерін сақтамаймыз. Барлық деректер төлем провайдерінің қорғалған парақшасына енгізіледі.
Енгізілген телефон нөмірінің дұрыстығын мұқият тексеріңіз (SMS келетін нөмірдің көрсетілгеніне көз жеткізіңіз). Егер нөмір дұрыс болса, бірақ SMS келмесе, кодты қайта жіберуді сұрап көріңіз.
Егер код ала алмасаңыз, ұялы телефонды сөндіріп және қайта қосып көріңіз және осы әрекетті тағы қайталаудан бұрын бірнеше минут күтіңіз.
Егер мәселе шешілмесе, сіздің құрылғыңызда жаңа хабарламаларды қабылдау үшін жад жеткіліксіз болуы мүмкін. Телефоныңыздағы SMS тарихын тазартуға кеңес береміз.
Егер сізге әлі код келмесе, бізге хабарласыңыз: +7 700 748 88 85